Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Жиналыста «Қылмыс және жауапкершілік» және жедел іс – шарасы аясында жасөспірімдер арасындағы крмионогендік ахуалдың өте қарқынды түрде өсіп жатырғаны, топтасқан төбелестің салдары, қару, пышақ кесу суық қаруларды алып жүру, бопсалау, буллинг фактілерінің көп көлемді орын алуы бойынша түсіндірілді. Аталған құқық бұзушылықтардың зардабы зор екенін және сонымен қатар қайғылы жағдайларға әкеліп соғатыны айтылды. Қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы алкоголдік өнім, темекі бұйымдары оның ішінде вейп, электронды темекі, жастар арасында орын алған мопед айдау және оның қауіпті тұстары бойынша да түсіндірмелер жүргізілді. Әр түрлі көшбасшы топтардан алыс жүру немесе көшбасшылық жасамау туралы да қатаң ескертілді.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, жауаптар алынды.
Соңында ата-аналар комитетінің жаңа құрамы дауыс беру арқылы сайланып бекітілді.
#біртұтас_тәрбие_атырау
#біртұтас_тәрбие_atyrau
#atyrau_tarbie
#kurm_біртұтас_тәрбие
#Kurmtarbie2024