ҚР, Атырау облысы, Құрманғазин ауд., Жыланды ауылы, Сайфолла Сүйінова к., 1 үй
8 (71233) 3-93-62
Меню

Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. Мектеп бойынша ІІІ- оқу тоқсанының қорытындысы. хабарламашы Амирова Гулжан Медетқызы
  2. «Құқықтық тәрбие қалыптастыруда ата- ананың ролі».
  3. «Өр суының қауіпсіздігін алдын алу жұмыстары» хабарламашы Дыңғызыл ауылдық округінің штаб мүшесі Бекжанов Бауыржан Уалижанұлы.
  4. «Көктемгі су тасқыны кезіндегі жұқпалы аурулардың алдын алу».
  5. Ағымдағы мәселелер

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе төмендегідей қаулы етілді:

  1. Ата-аналарды баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне толық тарту және мектеппен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты арттыру мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерге міндеттелсін.
  2. Сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың өмір қауіпсіздігі, үйінде болуы, сабақтан қалмауы, кешкі уақыттарда сабақтан тыс кездерде бей-берекет көшеге шығармау ата-анасына міндеттелсін.
  3. Оқушылардың денсаулығын нығайту бағытындағы санитарлық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу мектеп медбикесі Айтбаева Гулжайнаға және ата- аналарға міндеттелсін.
1
2
3

«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Құрманғазы ауданы білім бөлімінің
«Д.Нұрпеисова атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Дизайн және әзірлеу
Semstar