ҚР, Атырау облысы, Құрманғазин ауд., Жыланды ауылы, Сайфолла Сүйінова к., 1 үй
8 (71233) 3-93-62
Меню

Мектеп тарихы

Білімнің нұрлы ұясы

           Атырау өңірі – қайраты мен жігерін күй ғып төккен күйшілер Құрманғазы мен Динаны, қылышы менжырын қара қазақ қамы үшін сермеген ерлердіңері Исатай мен Махамбеттің кіндік қаны тамған, талай қаһарман батырлар мен орақ тілді ақын-жазушыларды дүниеге әкелген құтты мекен. Осы өңірде Мәңгілік Еліміздің батыс қақпасы саналатын Құрманғазы ауданы іргесін кеңге жайып, тарихқа бай шежіресімен тұнып жатыр. Бұл құт мекен – абыз ақын Әбу, әнұран авторы Жұмекен, Кеңес Одағының батырлары  М.Мусаев, Ф.Мазуров, А.Афанасьев сияқты перзенттерін, Хиуаздай Халық қаһарманын, Әліпов Ғизаттай «Даңқ» орденінің толық иегерін, жүздеген ғалымдар мен әр саланың бірегей үздіктерін өмірге әкелген киелі өңір. Өлкенің білім беру ісіндегі сарғайған тарих беттерін ақтарып қарасақ, сонау ХІХ ғасырдың 40-шы жалдарынан бастау алған Жәңгір хан ашқан мектеп, оның түлектері белгілі ғалым, этнограф, биолог Мұхамед-Салық Бабажанұлы, өлкені қырық жылға жуық басқарған Мақаш әкім, кейінгі халық ағарту саласының белсенділері С.Көшекбаев, Н.Манаев, жерлесіміз «Ленин» орденді ұстаз Ғ.Қазбеков т.б. ел мақтанышы. Төскейінде төрт түлік малы өрген, суында маржандай балықтары жүзген, астында құмай қара алтыны дүмпіген аймақтың облыс экономикасында өзіндік алар орны ерекше. Сан-салалы тарихы бар Құрман баба атамекені – Ел тәуелсіздігін нығайтуда, елдік дәстүрді жалғастыруда, өз ұрпағына білім мен тәрбие беруде дамыған отыз елдің қатарынан табылуға өз үлесін қосуда.

           Әр елдің болашағы мектебінде шыңдалады. Ел ертеңінің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. Мектеп – білім мен ғылымның, тәрбие мен өнердің қайнар ошағы. Осындай білімнің нұрлы ұясы, ұлан ғайыр 70 жылдай тарихы бар, осы аралықта оның есігін бір емес, бірнеше ұрпақ ашып білім нәрімен сусындаған, кемеліне жетіп тамырын тереңге тартқан мектептердің бірі - Жыланды ауылындағы күйші ана - Дина Нұрпейісова атындағы жалпы қазақ орта мектебі.

Мектептің алғашқы негізі 1948 жылы Дыңғызыл ауылдық кеңесіне қарасты Сегіз ауыл (қазіргі Қызыл жар) деген жерде Андреев атындағы екі кластық аралас бастауыш мектеп болып ашылған. Сол кездегі алғашқы мұғалімдер Мендалиев Рахмет, Мендалиева Майра болып, 1948-1950 жылдар аралығында сабақ берген. 1950-1952 оқу жылдарында ұстаздар Дошақов Сақып, Құсайынова Зүлпина сабақ беріп, 1952-1953 оқу жылдарында «Ағарту ісінің үздігі» Қайырмеденова Салима мектеп меңгерушісі болып жұмысқа келген.

           1954-1955 оқу жылында мектеп меңгерушісі болып Ұлы Отан соғысының адагері, «Ағарту ісінің үздігі» Шайхиев Шияп, мұғалімдер Сабирова Әмина, Құлтаев Өтеміс, Мамбетов Аятқали, Елеуова Какима жұмыс жасаған.

1957 жылы колхоз орталығы Сегіз ауылдан  Жыланды деген жерге көшіріліп, сол жылы жаңа мектеп үйі салынып, Андреев атындағы бастауыш мектеп В.И.Чапаев атындағы бастауыш мектеп болып аталады. Сол жылы мектеп жанынан 20 орындық жатақхана ашылып, алғаш тәрбиеші болып Жұмаева Какима жұмыс жасаған.

1964-1965 оқу жылында мектеп сегіз жылдық орталау мектеп болып ашылады. Мектеп директоры болып «Ағарту ісінің үздігі» Шарипов Нәжімеден, оқу ісінің меңгерушісі болып Айтбаев Қазақстан тағайындалған. 1972-1973 оқу жылында мектептолығып, он жылдық орта мектеп болып ашылды.

1974-1975 оқу жылынан бастап мектеп директоры болып «Ағарту ісінің үздігі» Кисимова Жібек, кейін оқу ісінің меңгерушісі болып Медеугалиев Ғапур, мұғалімдер «Ағарту ісінің үздіктері» Тлепов Құмар, Елемесова Батима, Бекжанова Зияш, Сайпекенов Еркін, Кенжегалиева Зоя, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұқанов Кенжегали, Сахманова Зура, Ғатауова Рая, Олжабаева Мерует т.б. жұмыс жасаған.

          1983-1984 оқу жылынан бастап мектеп директоры «Ағарту ісінің үздіктері» Құспанов Әділбек, оқу ісінің меңгерушісі Айтбаев Қазақстан, мұғалімдер Алипова Сағадат, «Методист мұғалім» атағын алған Тлепова Мәншүк, Қошабаева Қазина, Алипов Аманжол, «ҚР білім беру ісінің үздігі» Алипова Натифа, «Аға оқытушы» атағын алған Кенжегалиев Сираж, Кенжегалиева Даметкен, Есқалиева Гүлжиан, Мұқашалиев Қуандық, Мұханбетов Тілеш, Ғатауова Гапура, Әнесов Өтеген, Қуанғалиева Райым т.б. жұмыс жасады. 1985-1986 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлегі Ханафина Шұға мектепті алғаш «Күміс медальмен», ал 1992-1993 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлегі Капуова Сандуғаш мектепті алғаш «Ерекше аттестатпен» бітірді.

1989-1990 оқу жылы мектеп он бір жылдық орта мектеп болып құрылып, 1992-1993 оқу жылынан бастап Чапаев атындағы орта мектеп Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп болып атауы қайта өзгертілді.1995 жылы мектеп жанындағы жатақхана жаңа типті ғимаратқа көшіріліп, меңгерушісі болып Аязов Амангелді абыроймен еңбек етті.

             1996-1997 оқу жылында мектеп директоры болып «Тәуелсіздіктің тарланы» атағының иегері Ғалиденов Ғаділбек, оқу ісінің меңгерушісі «ҚР білім беру ісінің үздігі» Балекешева Гүлнар, мұғалімдер Гуспанова Ақсұлу, «ҚР білім беру ісінің үздігі» Хамзаева Клара, Темірғалиева Ғайнижамал, Аязов Ғалымжан, Жабелова Рашида, Утегалиев Нұржаубай, Утегалиева Галина, Бияшова Зоя, Мадиева Сағымгүл, Сүндетова Калима, Шаменов Шыныбек, Қоданова Жаңылсын т.б. еңбек етті. 1998-1999 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлегі Биляшева Малика мектепті алғаш «Алтын медальмен» бітірсе, ал 1998-1999 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлегі Ахмеденова Люция мектепті «Ерекше аттестатпен», 1999-2000 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлегі Муханбетчиев Роман «Үздік аттестатпен» бітірді. 2003 жылы мектеп бітіруші түлектердің білім деңгейін анықтауда алғаш Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) сынағы енгізілді. 2005-2006 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлегі Алімгереев Жанұзақ  мектепті «Алтын белгімен» бітірді.

            Білім алуда мектепті үздік бітіріп, Тәуелсіз еліміздің әр өңірінде еңбек етіп жатырған түлектер: «Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты», ҚР «Құрмет» орденінің иегері Сабыржан Сұлтанов, Сайпекенова Валентина т.б. «Медицина ғылымдарының докторы» Нұрлыбек Ғабдығапаров, «Шығыс жекпе-жегінен спорт шеберлігінің кандидаты» Нұрхат Дүйсенбаев, «Техника ғылымдарының кандидаты» Шоқан Медетов, «Экономика ғылымдарының докторы» Малика Биляшева шығармашылық еңбектері кейінгі ұрпаққа өнеге.

1999-2000 оқу жылында мектеп жаңа типті 624 орындық мектеп үйіне орналастырылды. Жаңа мектепті, яғни осы ғимаратты ашу салтанатына сол кездегі Атырау облысының әкімі Иманғали Тасмағанбетов қатысып, ішке кіру лентасын қиды және«естелік кілтті» табыс етті.Сол жылы алғаш мектеп алды даярлық (МАД) тобы ашылып, 20 тәрбиеленуші қабылданды. 2001 жылдан бастап аз  қамтылған отбасы балаларын әлеуметтік қолдау мақсатында алғаш 65 оқушыны тегін ыссы тамақпен қамтамасыз ету қолға алынды. Мектеп 2004 жылдан бастап Атырау облыстық КБАҚД институтының шешімімен «Тәрбие жұмысын кешенді бағдарлама бойынша жүргізу» және «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні арқылы оқушы шығармашылық қабілетін дамыту» мәселесі бойынша тірек мектебі болып табылады.

           2007-2008 оқу жылында мектеп директоры болып Қасаева Бақытжамал, оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері Алдамжарова Ләззат, Бекжанов Бауыржан қызмет атқарды. Ұстаздар легінде Зұлхарнаева Б. Қаболова А. Гайсина Р. Алипов Р. Шамеденова С. Шайхиева Н. Салыхова Ж.Амирова Г. Утепбергенова Ж. Муслимова К. Мұстажапова Г. т.б. еңбек етіп келеді.

          2008-2009 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлегі Замирова Айдана, 2009-2010 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлегі Русланова Мөлдір  мектепті «Алтын белгімен» бітірді.

2008 жылы мектепте алғаш дәрігерлік қызметке арналған медициналық кабинет ашылып, Айтбаева Г. медбике болып тағайындалды.

2010-2011 оқу жылынан бері мектеп директоры Құрманғазы аудандық маслихатының ІV және V шақырылым депутаты Бекжанов Бауыржан, оқу және тәрбие ісінің меңгерушілері Алдамжарова Ләззат, Утепбергенова Жанар. Мұғалімдер Сюнова Н. Қойшекенова А. Тажеденова М. Қайырболатова Э. Зұлқашева Г. Увашова А. Мустахимова Ж.Ордағалиев А. жатақхана меңгерушісі Шайхиев Н. т.б. ұстаздық жолында еңбектеніп келеді.

2010-2011 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлектері Салаватова Аида мен Имашев Батырбек  мектепті «Алтын белгімен» бітірсе, 2015-2016 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлегі Утенов Уалихан  мектепті «Үздік аттестатпен», ал 2016-2017 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлектері Ғабдіжанова Марал мен Ғапуров Асылжан  мектепті «Үздік аттестатпен» бітірді. 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлектері Нұрымова Бибінұр мен Әділжанова Гүлдархан  мектепті «Алтын белгімен» бітірсе, Шайхимова Диана мен Ғиззатов Арсен  мектепті «Үздік аттестатпен» бітірді. 2018-2019 оқу жылының қорытындысымен мектеп түлегі Василий Мадина  мектепті «Алтын белгімен» бітірсе, 2020-2021 оқу жылының қорытындысымен мектеп 4 бірдей түлектері Ғабдіжанова Ләйлә, Үрпекова Нұрдана, Какимова Гузель, Рахимова Алина мектепті «Алтын белгімен» бітірді.

2011-2012 оқу жылында ҚР 2011-2020 жылдарға арналған Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда мектеп жанынан 25 орындық шағын орталық (ШО) тобы ашылды және мектеп Республикалық электронды оқыту жүйесіне (ЭОЖ)  енгізілді. 2012-2013 оқу жылында «Жыланды» ресурстық орталығы ашылып, мектепке 26 орындық автобус көлігі берілді.

Өнегесі мен өркендеу тарихы мол сол білім ұясының бүгінгі  педагогикалық ұжымықазіргі заман талабына сәйкес жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай жұмыстанып  келеді. Мектебімізде 49 пән мұғалімі 376 оқушыға, 35 мектепалды даярлық және 25 шағын орталық тәрбиеленушілері мен  46 жатақхана  тәрбиеленушілеріне оқу-тәрбие шараларын жүргізіп  келді. Ұстаздардың жоғарғы санаттысы -8,  І санаттысы -23, ІІ санаттысы -15.

Мектеп бойынша 353 оқушы, оның оқу озаты – 45, оқу екпіндісі – 148. Оқушыларды пәндік шығармашылыққа баулуда Л.Капуова, Р.Жұмағалиева, Е.Бахтыгереев Э.Қарасаева, Ә.Бекжанова, М.Наурызбаева, Г.Ғалиденова, А.Жиеналиева еңбектері елеулі.

ҚР педагог қызметкерлерінің деңгейлік бағдарлама курстарынан оқып, жалпы барлық мұғалімдер сертификатқа ие болды. Жас мамандардың білім беруде жаңа технологиямен жұмыстануларын  жетілдіру, ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына бағыт беру, шығармашылықпен жұмыстану мақсатындатүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Осындай істің  нәтижесінде С.Жұмағазиева, Л.Жумабаева, Ж.Мухамбетчеева, Н.Аязова, И.Исағалиев, Р.Қоданов, Г.Божанова, Г.Шаменова, Г.Исатаева, А.Ермуханова, Т.Бисенова, С.Жолмағанбетова өз еңбектерінің жемісін көруде.

          Педагогикалық ұжым, оқушылар мен  ата-аналардың қарым-қатынасына  жағымды орта қалыптастыруда  психологиялық орталықтың жұмысын ұйымдастыру мен мектепке дейінгі тәрбие ісінде үнемі нәтижеге бағытталған оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда мектеп психологтары К.Сүндетова, Э.Шамеденова, Ж.Ғазизова, С.Аязова, Ж.Қуанышбаева, тәрбиешілер А.Ишанғалиева, З.Ғалиденова, О.Бахтыгереева үздіксіз жұмыстанып келеді.

          Мектеп оқушыларымен жатақхана тәрбиеленушілерінің білім алуда  санитарлық-гигиеналық тазалығы мен мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда, қоғам мүлкін күтіп-сақтап шаруашылық есеп жүргізуде  Н.Казиева, Н.Шайхиев, А.Измуханова, Н.Шеркешбаева Ш. Н.Мұхамбетчиев жетекшілігімен техникалық қызметкерлер ісі оң нәтежесін беріп келеді.

       2023-2024 оқу жылының сәуір айынан бастап мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы болып Амирова Гүлжан Медетқызы, оқу ісінің меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы болып Наурызбаева Мейрамгүл Болатқызы тағайындалды.

       Болашақ ұрпақ тағдыры – мына біздердің қолымызда, яғни тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырмыз. Адаммен адамды, мемлекет пен мемлекетті теңестіретін білім екеніне бүгінгі таңда көзіміз жетіп отыр. Тәуелсіздігіміздің тірегі де, Егеменді еліміздің ертеңі де білімді ұрпақ екені баршаға аян. Ел президенті ерекше қолдау көрсетіп, білім саласын реформалаудың аясында, Біз ерен еңбегімізбен оқу-тәрбие саласында әлі талай белестерге қол жеткізетіндігімізге сеніміміз мол.

Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Жыланды селосы


«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Құрманғазы ауданы білім бөлімінің
«Д.Нұрпеисова атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Дизайн және әзірлеу
Semstar